Мандат

Нұрқасым Хасенов: Депутат ел үшін қызмет етуі керек

Ақжар аудандық мәслихатының депутаты Нұрқасым Хасеновті шекараға жақын ауылдардағы халықтың үдере көшуі алаңдатады. Соның себебіне үңілген халық қалаулысы “Мандат” бағдарламасында біраз ұсынысымен бөлісті. Айтуынша, көшіп-қону бағдарламасына өзгеріс енгізіп, кейбір тұстарын жетілдіру қажет. Сонда сан ғана емес, сапа да болады деген пікірде. Нұрқасым Оразұлы жуырда Президенттің қатысуымен өткен мәслихат депутаттарының 2-ші республикалық форумына қатысып келген болатын. Депутат жиыннан алған әсерімен, түйген ойымен де бөлісті.