Спорт

“Қызылжар” аутсайдерді жеңе алмады

Әли Әлиев баптайтын “Қызылжар” футбол клубының жігіттері жаттықтырушыларының туған күніне сыйлық жасай алмады. Петропавлдық ұжым сырт алаңда турнирлік кестенің ең соңында тұрған қарағандылық “Шахтермен” тең түсті. Ойындағы есепті бірінші болып қонақтар ашты. Айып алаңына асырылған допты шабуылшы Сенин Себаи торда тулатып, көзге түсті. Артынша дөрекі ойнаған кеншілердің қорғаушысы қызыл қағаз да алды. Алайда, қызылжарлықтар гол артынан гол соқпады. Керісінше, өз қақпаларына доп жіберіп алды. 1 де 1 есебі төреші ысқырығы шалынғанша сақталды. Чемпионаттың аяқталуына 2 тур қалды. 9-шы орында тұрған “Қызылжардың” ендігі қарсыластары – қызылордалық “Қайсар” мен астаналық “Жеңіс”. Алғашқы матч қарашаның 2-сі күні Петропавлда өтеді.

 

Байболат Құлтанов