Атақты аудармашы, жазушы Герольд Бельгер ортамызда болса бүгін 90 жасқа толатын еді. Мерейтойға орай Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы қабырғасында облыстық конференция ұйымдастырылды. Күндер зырылдап жатыр. Марқұмның дүниеден өткеніне де 9 жылдан асып барады. Білген маңызды, шалақындық жерлесіміз 80 жылының жартысын неміс, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген еңбектерді өзара аударуға арнаған.
ДӘСТЕН БАЙМҰҚАНОВ, “Асыл мұра” орталығының ғылыми қызметкері:
– Герольд Бельгер арқылы қазақ жазушыларының еңбектері орыс және неміс тілдеріне аударылды. Бұл үлкен табыс. Басқа аудармашылар аударған кезде тілде бұрмалау орын алады. Ал, Гераға қазақ тілінің әдеби сөздерін қолдана отырып аударған.
Маңызды шарада ерекше тұлғаның атқарған жұмыстары жайлы айтылды. Келген қонақтар маңызды деректерді мінберге шығып оқыды.
ДАНАГҮЛ ҚУАНДЫҚОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың аға оқытушысы:
– Баспасөз беттеріне 3 тілде 1 жарым мыңнан астам мақала жазған. Осының барлығын жинақтай келгенде 70-ке жуық еңбекті өмірге әкелген.
Герағаның ұлты неміс болса да, жаны қазақ болған. Мұны бірнеше адам айтты. Ол ана тіліміздің сақталуына, дамуына сүбелі үлес қосты.
АҚНҰР БАЗАРБАЕВА, Гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы, Г.Бельгер атындағы мұражайдың меңгерушісі:
– Герағаның айтуынша, қазақтардың ең үлкен кемшіліктерінің бірі – тілді білмеуі. Ол бұл мәселеге талай тоқталған.
Жазушы зайыбы Раиса Закировнамен бірге бір қыз тәрбиелеп өсірген. Тағдыр тоғыстырған азаматша қазір Алматыда тұрады, ал қыздары Мәскеуде режессерлік қызмет атқарады.
Мәдина Қаби