Спорт

Жастар арасында жаппай жүгіруден жарыс өтті

Шашасына шаң жұқпас жүйріктер мықтыны анықтады! Петропавлда жастар арасында жаппай жүгіруден жарыс өтті. Оған 80 шақты жерлесіміз қатысты. Бағындыратын қашықтық – 1500 метр. Белсенді теріскейліктер додаға түспес бұрын жаттығу жасап, денелерін қыздырды. Кейін белгіленген бағыт бойынша тұра тартты. Іс-шараның мақсаты – мықтыну анықтау ғана емес, жастар арасында спортты дамыту.

ГҮЛБАҚЫТ БАЙБОСЫНОВА, СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:

– Қазақстан Республикасы күніне орай жаппай жүгіру жарысын өткізіп отырмыз. Мұнда бірнеше колледждің студенттері бар. Сайыстың басты мақсаты – жастарымызды салауатты өмір салтына баулу.

 

Мәдина Қаби