Петропавлда Республика күніне орай полицейлердің қатысуымен концерттік шара ұйымдастырылды. Еліміздің ашық аспан астында дамып, гүлденуіне тәртіп сақшыларының қосып жатқан үлесі зор. Облыстық ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов тәртіп сақшыларының қоғам тыныштығын қамтамасыз етудегі зор еңбегін атап өтті.
АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:
– Еліміздің басты жетістігі – тұрақтылық пен халық тыныштығы. Бұл ретте халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етудегі полицейлердің еңбегі мол.
Салтанатты шарада облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев те бой көрсетті. Руслан Қанатханұлы жиналғандарды мерекемен құттықтап, Республика күні еліміз үшін ұлы мереке екендігін атап өтті.
РУСЛАН ӘЛІШЕВ, облыс әкімі аппаратының басшысы:
– Егемендігімізді дәріптеп, тәуелсіздігімізді паш етуде Республика күнінің тарихи маңызы зор. Айтулы дата – мемлекет тұтастығы мен патриотизмді дәріптейтін мереке.
Салтанатты шарада 50-ге жуық маман мен ардагер және көзге түскен шенділердің ата-аналары марапатталды. Солардың бірі – Гүлмира Сағатова. Нәзікжандының шені мерзімінен бұрын жоғарылады. Нақтырақ айтсақ, мерекеге орай жерлесіміз подполковник атанды.
ГҮЛМИРА САҒИТОВА, қалалық ПБ екінші полиция бөлімі бастығының орынбасары:
– Кішкентай кезімнен полицейлерге қызығатынмын. Форма кигім келетін. Тәртіп сақшылары жайлы кинолар көрдім.
Сандарды сөйлетсек, өңірде 3 мыңға жуық полиция қызметкері бар. Оның 700-ден астамы Петропавл қаласында жұмыс істейді.