Қоғам

МТРК арнасының редакторы Республика күні байқау жеңімпазы атанды

Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті филиалы этножурналистика саласындағы “Шаңырақ” облыстық шығармашылық байқауын қорытындылады.

Қуанышымызға орай, байқау жеңімпазы МТРК арнасының редакторы Павел Притолюк атанды. Оған Республика күнін мерекелеу аясында “Қоғамдық келісім” мекемесі атынан диплом мен естелік сыйлық табысталды.

ПАВЕЛ ПРИТОЛЮК, МТРК арнасының редакторы:

– Биыл СҚО ҚХА Қайырымдылық жасаушылар клубының төрайымы Алла Писаренкомен сұхбат жазып, МТРК арнасындағы “Главные темы” бағдарламасында ұсындым. Біз волонтерлік қозғалыс және су тасқыны кезіндегі оның рөлі туралы сөз қозғадық. Салмақты ой айтылды. Тамаша дүние шықты. Жұмысымды байқауға жолдаған едім, топ жардым. Республика күні құтты болсын!

Этножурналистика саласындағы “Шаңырақ” облыстық шығармашылық байқауы жылда өтеді. Биыл сәл өзгеріс бар. Ұйымдастырушылар қатысушы жандарға жаңа талап қойыпты. Павел Притолюк бұл тұсқа өзгеше көзқараспен қараған.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, “Қоғамдық келісім” КММ БАҚ бөлімінің басшысы:

– Оның жұмысын республикалық байқауға жолдаймыз. 4 адам қатысты. Бұған дейін біз мақала түріндегі жұмыстарды қабылдадық, биыл ролик түріндегі жұмыстарды көргіміз келді.

Әріптесіміз Павел Притолюк республикалық дода да жүлдеге ілігеріне үмітті. Ал жеңіп алған сыйлығын түсірілім жасауға қабілетті туысына тарту етпекші.