Жыл басынан бері өңірге 316 млрд теңге инвестиция тартылды, оның 74% – жеке инвестициялар. Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы іске асырылуда, оған жалпы сомасы 755 млрд теңгеге 46 жоба енгізілді. 7 200 тұрақты жұмыс орны құрылады.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Біз күн сайын жобалардың әрқайсысына мониторинг жүргіземіз. Барлық мүдделі тараптар біздің инвестициялық жобаларымыздың іске қосылу кезеңдерін лттық цифрлық инвестициялық платформа арқылы көре алады. Осы жылы 1 100 жаңа тұрақты жұмыс орны пайда болады. Құны 51 млрд теңге болатын 17 жобаны іске қосу жоспарлануда.
Ағашты терең өңдеу зауыты мен асфальтбетон зауыты іске қосылды. Орталық Азиядағы майлы дақылдарды өңдейтін ірі зауыт құрылысы аяқталып келеді. Әлібек Қуантыров облыстың өңдеу өнеркәсібі саласындағы үлкен әлеуетін атап өтті.
ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ, ҚР Сыртқы министрінің орынбасары:
– Құрылыс материалдары саласында өнеркәсіпті, жел электр станцияларының құрылысын, жиһаз кластерін құруға және тағы басқаларын дамытуға пайдалы қазбаларды өңдеу салалары бар. Біздің міндетіміз – жұмыс орындарын құру, салық түсімдерін арттыру және жалпы экономикаға үлес қосу. Өйткені, бұл біздің азаматтарымыздың әл-ауқатына тікелей байланысты.
Алда экономикалық өсімді 450 млрд долларға дейін екі есе арттыру және кемінде 150 млрд доллар тікелей инвестиция тарту мақсаты тұр.
АЗАМАТ ҚОЖАНОВ – «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ басқарушы директоры:
– Үкімет деңгейінде алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін “Kazakh Invest” компаниясымен бірлесіп «Инвесторлар жолы» жобасы әзірленді. Осы арқылы кез келген компания, шетелдік инвесторлар да, жергілікті өндірушілер де, кәсіпкерлер де, мемлекеттік қолдау шаралары мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Жиналғандарға инвесторларды қолдау және саладаға жеңілдіктер туралы айтылды. Ал жергілікті бизнес-қоғамдастық өкілдері жауапты мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мәселелерге жауап іздеді.
ДӘУРЕН ҚАТРАНОВ, «РАДУГА» ЖШС бас директорының орынбасары:
– Біз мәселелерге жауап іздеу барысында өндірістік нысандарды салу және жалға беру преференциялармен қамтамасыз етілмейтінін анықтадық. Қазіргі таңда жаңа тың жобалармен жұмыс істеп жатырмыз.
“Qyzyjar” арнайы экономикалық аймағында 20 қатысушы тіркелген. Инвестиция көлемі шамамен 300 млрд теңгені құрады.
“Қызылжар” телеарнасы