Инвестициялық жобаларды талқылау және жаңа жұмыс орындарын ашу – еліміздің күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе. Осыларға өңірімізде жұмыс сапарымен болып, Петропавлдағы өндіріс орындарын аралаған Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров назар аударды. Атқамінер ат ізін салған нысанның бірі – болашақ глазурленген тоқаш кәсіпорны.
– Мы реализуем первый проект за пределами РФ, для этого мы выбрали Северный Казахстан по ряду причин. Сумма нашего проекта составит 37 млрд. тенге. Проектная мощность у нас будет порядка 12 тысяч тонн изделий в год на двух производственных линиях. Мы реализуем этот проект постепенно, сначала мы строи, устанавливаем первую производственную линию, мы планируем к 2025 году, а уже в 2027 году мы планируем ввести в эксплуатацию вторую производственную линию.
Ресейлік кәсіпкер қаржы құйған жобаны жүзеге асыруға 9 гектар жер бөлінді. Бүгінгі таңда «BI-Industrial» мердігерлік ұйымы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Болашақта кәсіпорында 380 адам еңбек етпек. Вице-министр болған келесі нысан – «NordPanels» зауыты. Жақында ғана іске қосылған өндіріс орында ағаш терең өңделіп, фанер өндіріледі. Шикізат – отандық және ресейлік.
– Қай елдерге сатып жатырсыздар? – Польша, Эстония, Латвия, Литва. Германияға да жібереді. Тағы Италия, АҚШ бар.
Министр орынбасарының айтуынша, елімізде инвестициялық жобалар тобы құрылуда. 46 жобаның жалпы құны 755 млрд теңгені құрайды. Танысу шарасы барысында Әлібек Қуантыров Солтүстік Қазақстан облысының өңдеу өнеркәсібі саласында зор мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Байболат Құлтанов