Бірінші оқу тоқсаны аяқталып қалды. Осы ретте тәртіп пен тазалыққа құмар әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушылары
білім алатын бөлмелерін тап-тұйнақтай етіп жинап кетпекші. Еңбекқор балалар парта-орындықтарын сүртіп, гүлдерге су құйып жүр. Таза бейсенбілік қамқоршылық кеңес мүшелерінің бастамасымен қолға алынған. Айтуларынша, мұндай шаралар жасөспірімдерді еңбекке баулуға ықпал етеді.
ҰЛЖАН СӘКЕНОВА, әл-Фараби мектеп-лицейі қамқоршылық кеңесінің мүшесі:
– Ата-аналардың барлығы қолдайды. Бұл балаларды еңбекке баулып, тазалыққа үйретеді.
АЙЗЕРЕ ТҰРҒЫМБЕКОВА, оқушы:
– Негізі, біз бүгін ғана емес, сыныбымызды әрдайым таза ұстаймыз. Мысалы, гүлдерді суарамыз, парталарды сүртеміз, үйде де ата-анама көмектесемін.
Данаш Хамза