ТЖ

Өрт сөндіру бөліміндегі ашық есік күні

Бүгін қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде БАҚ өкілдеріне арналып ашық есік күні ұйымдастырылды. Білікті мамандар ең алдымен тілшілерді нысанның тыныс-тіршілігімен таныстырды. Содан соң өздерінің шытырманға толы жұмыстары жайлы баян етті.

ДАНИЯР БӘДІЛОВ, СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы:

– Кішкентай кезімде суға батып жатқан баланы құтқарып алған болатынмын. Содан бастап осы салаға деген қызығушылығым артты. Әскерге барып келгеннен кейін бірден ТЖД-ға жұмысқа тұрдым.

Бұл – иттің есімі Айк. Жануар арнайы Белгия елінен алдыртылыпты. Осы күнге дейін жоғалып кеткен бірнеше адамды табуға көмектескен.

СЕРГЕЙ ЯЩУК, СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы кинологиялық бөлімінің басшысы:

– Бөлімде Айк сияқты 3 ит бар. Бұл қызметтік жануарды үйрету үшін 2 жыл уақыт кетті. Айк бізде 5 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы күнге дейін оның көмегімен 10-ға жуық жоғалып кеткен адамды таптық. Жануарлар жыл сайын аттестаттаудан өтеді. Айк бірде-бір рет төмен нетиже көрсеткен емес.

Айта кету керек, бөлім мамандары алдағы уақытта жастарға арнап ашық есік күнін өткізбек.

 

Нұрасыл Ахмет