Петропавлда жерлесіміз Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері Герольд Бельгерді еске алу кеші өтті. Аудармашы, публицист, жазушы осыдан 9 жыл бұрын дүниеден озды. Қазір көзі тірі болса 90 жасқа толар еді.
Герольд Бельгердің ұлты неміс, бірақ қазақ тілінде судай сөйлеген. Бала кезінде отбасымен бірге қазақ жеріне жер аударылған.
Герольд Карлович үш тілді жетік меңгерген, бар өмірін аудармашылыққа арнаған.
АҚНҰР БАЗАРБАЕВА, Гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы, Г.Бельгер атындағы мұражайдың меңгерушісі:
– Ол кісіні мен бала кезімде көрген едім. Өте сезімтал адам еді. Басқа ұлттың өкілі болса да қазақ тілінде оңай сөйлейтін еді.
Гуманитарлық-техникалық колледжде жазушы атындағы мұражай да бар. Ол Герольд Карлович дүниеден өткеннен кейін 1 жылдан соң ашылған.
Жастар да жазушы жайлы жақсы біледі. Тіпті кітаптарын сүйіп оқиды.
ЕКАТЕРИНА ГНИЕНКО, Гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті:
– Негізі, Герольд Карлович өзінің ұлты мен қазақ халқының өмірі жайында жазған. Қазақ халқын өте қонақжай деген. Қазақстанға қалай көшіп келгендігі туралы жазба қалдырған. Өзім оның шығармаларын сүйіп оқимын. Мәселен, «Дождь со снегом», «Бремя будней» деген туындыларымен таныспын.
Герольд Карлович жұбайымен бірге бір қыз тәрбиелеп өсірген. Қызы әке жолын қуып, шығармашылыққа бет бұрған.
Мәдина Қаби