БілімҚоғам

Жастар арасында интеллектуалды ойын өтті

Қазақстан – бақыт ордасы. С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада осындай атаумен жастар арасында интеллектуалды ойын өтті. Ұл-қыздар жеті-жетіден екі топқа бөлінді. Олардың алдында қазақ еліне еңбегі сіңген қайраткерлердің фотосуреттері және аты-жөндер жазылған қағаз жатыр. Соларды бір-бірімен дұрыс байланыстыруы қажет. Алғашқы кезеңде 1-ші топтың өкілдері жеңіске жетті. Ал келесі кезең сұрақ-жауап сайысы болды. Ондағы сұрақтар танымал отандастарымызға және көз сүйсінер жерлерге қатысты әзірленіпті. Кейін қатысушыларға өзге де тапсырмалар берілді.

ЖҰЛДЫЗ ТОҚТАРҒАЗЫ, қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:

– Мысалы, сұрақтардың бірінде “Сүйікті ақыныңның өлеңін жатқа оқы” деген сияқты өте жақсы тапсырмалар бар. Жастар осындай ойындар арқылы өздерінің білім деңгейін түсінеді.

ВАЛЕНТИНА ҚОЖАХМЕТОВА, студент:

– Сайыс өте жақсы өтті. Маған ұнады. Алғашқы кезеңде 1-2 қателік жібердік. Ендігі жолы танымал тұлғалардың аты-жөнін білетін боламыз. Бұның барлығы біз үшін сабақ дегім келеді. Осындай іс-шаралар жиі болып тұрса екен. Себебі, кітап оқумен қатар осындай интеллектуалды ойындарды ойнаған да қызықты дер едім.

 

Мәдина Қаби