Құқық қорғау органдары

СҚО-да “Заңсыз келуші” жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр

Тәжікстаннан келген жеті әйел Петропавлдағы қатты тұрмыстық қалдық полигонында заңсыз жұмыс істеп келген. Бұл фактіні қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері анықтады. Облыс аумағында “Заңсыз келуші” атты жедел-алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр. Полицейлер құрылыс нысандары мен сауда орындарын, теміржол және автовокзал аумағын және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын тексеруде. Рейд аясында шетелдіктердің ҚР көші-қон заңнамасын бұзуына қатысты тағы 9 факті анықталған. Өңірде тиісті құжаттарсыз жүрген қос өзбекстандық коммерциялық нысан құрылысында, тағы бір әзербайжандық жеміс-жидек сататын жерде жұмыс істеген. Мамандар үш күнде барлығы – 150-ге жуық заңбұзушылық анықтады. 12 жұмысберуші шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.