Қоғам

Тұңғыш Президент саябағынан 3 тонна қоқыс жиналды

Облыс орталығында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Бұл жолы “Тұңғыш Президент” саябағы күл-қоқыстан тазартылды. Таңмен таласа тұрған жұртшылық қолдарына күрек, тырма және қап ұстаған. Олар аумақты жапырақ, шөп, бұта мен адамдар тастаған қалдықтардан тазартты.

ЖЕҢІС АСАНОВ, “Amanat” партиясы СҚОФ атқарушы хатшысы:

– Аталған акция Президенттің бастамасы аясында өтуде. Жыл басынан бері сенбілік, бейсінбіліктерден қалмай келеміз. Аудан орталықтары мен ауылдарды да абаттандырудамыз.

Бұл саябаққа петропавлдықтармен қатар, қала қонақтары да келетіні белгілі. Көрікті жер, ауасы да тамаша. Сол себепті, төңіректің таза болуы аса маңызды. Тазалыққа жаны құмар жандардың бірі – Асхат Ғалиасқаров. Жас жігіт демалысын қоғам үшін пайдалы өткізгісі келген.

АСХАТ ҒАЛИАСҚАРОВ: облыстық дін істері басқармасының маманы:

– Қаламыз таза болса өзімізге жақсы ғой. Акция басталғалы бірде-бір сенбіліктен қалыс қалмадық.

Күл-қоқыс шашылып жатқан саябақ біраздан соң тазарып шыға келді. Жиналған заттар арнайы техниканың көмегімен сыртқа шығарылды. Айта кету керек, тазалық жұмыстарына 500-ге жуық адам қатысты. Еңбекқор жандар 3 тонна қоқыс жинады.

 

Нұрасыл Ахмет