Солтүстікқазақстандық 7 кәсіпкер географиялық нұсқама алуға өтініш жолдаған. Атып айтып тұрғандай, бұл құжат бірегей өнімдердің шыққан жеріне байланысты беріледі. Мысал ретінде апорт алмасын алайық. Оның Отаны – Қазақстан, нақтырақ айтсақ, Алматы өңірі. Мұндай тауарға нұсқама рәсімделеді. Жаңашылдықтың басты мақсаты – жер-жерде шығарылатын өнімдерді көпшілікке таныту, брендке айналдыру. Айта кетейік, өтінішті Әділет министрлігі қабылдайды.
АДАЙ МАҒЗҰМОВ, СҚО әділет департаменті басшысының орынбасары:
– Географиялық нұсқама арқылы өңірлердегі кәсіпкерлер өз өнімін көпшілікке танытады. Ал халық аты шыққан өнімдер арқылы сапасы жоғары тауарларға таңдау жасайды.
Байболат Құлтанов