Полицейлер өңірде үш күн қатарынан “Тасымалдаушы” атты жедел-алдын алу шарасын өткізді. Нәтижесінде бірнеше бұзушылық тіркелді. 8 жүргізуші жолаушыны тиісті рұқсатсыз тасымалдаған. Такси тізгіндеген азаматтар туралы да айтар көп. Қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты 61 жағдай, рөлде отырып сөйлесу – 51 жағдай, маневрді дұрыс жасамау – 22, міндетті сақтандыруды рәсімдемеу бойынша 15 факті тіркелген. Ал 13 жүргізуші тіпті техникалық тексерістен өтпеген көлікпен жолаушы тасымалдаған. Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Данаш Хамза