Бүгін облыстық қуыршақ театрының ұжымы 35-ші маусымын ашты. Кішкентай көрермен назарына “Благодарный журавль” трагедиясы ұсынылды. Туынды авторы – ресейлік режиссер Борис Ходырев. Қойылымда қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер жайлы айтылған. Жақсы істер мен қамқорлық ұмыт қалғаны көрсетілген. Туынды арқылы режиссер жеткіншектерге адал болуды, адами құндылықтарды ұғындырғысы келген. Спектакльде бас рөлде ойнаған кейіпкер күйеуіне адал және айтқанынан шықпайтын әйел болады. Бірақ, жұбайы оны бағаламайды. Өкінішке қарай, қойылым соңы кейіпкердің көз жұмуымен аяқталады.
НАТАЛЬЯ ЖАНИБЕКОВА, облыстық қуыршақ театрының бөлім меңгерушісі:
– Биылғы жылы балаларға арнап 4-5 жаңа қойылым ұсынғалы отырмыз. Жаңа жылға дейін түрлі бағдарламалар дайындаймыз. Жалпы, ұжымда 60-қа жуық адам бар. Қазіргі таңда “Алладин” спектакліне дайындалып жатырмыз. Аталған қойылым балғындардың көңілінен шығады деп ойлаймын.
Айта кету керек, биыл актриса Айгүл Хасенованың аталған мекемеде еңбек етіп келет жатқанына 25 жыл толды. Бүгін өнер иесіне әріптестері ерекше құрмет көрсетті.
Нұрасыл Ахмет