Қоғам

Облыс әкімі қаладағы абаттандыру жұмысының сапасын бағамдады

Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қаладағы кешенді қалыпқа келтірілген аулалардың бірімен танысты. Хименко көшесі бойындағы маңызды іс осыдан бір ай бұрын ғана аяқталған. Қазір бүлдіршіндер су жаңа алаңда асыр салып ойнауда.

Сонымен қатар, ойын алаңынан бөлек аулаішілік жолдар асфальтталған.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:

– Маңызды іспен жергілікті “Стройсервис” серіктестігі айналысқан. Мердігер жоспарланған жұмысты 4 айдың ішінде тындырған.

ҒАНИ ЖҰМАБАЕВ, “Стройсервис” ЖШС директоры:

– Жөндеу жұмысына 40-қа жуық маман жұмылдырылды. Жүктелген істі толығымен аяқтадық. Қажетті дүниелерді Астана мен Алматы қалаларынан алдырттық. Атқарған жұмысымызға 1 жылдық кепілдік береміз. Егер әткеншек сынып, асфальт бұзылатын болса, қайта қалыпқа келтіріп береміз.

Биыл облыс орталығында 39 көшеге асфальт төселген. Алдағы уақытқа да жоспар ауқымды. Осы орайда өңір жетекшісі жұмыстың сапалы атқарылуына баса назар аудару керектігін айтты.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Облыс орталығындағы көшелердің 40 пайызына әлі толығымен асфальт төселмеген. 5 жылдың ішінде бұл олқылықтарды жоямыз. Шаһарда 596 аула бар. Оның 57 пайызының жағдайы жақсы. Ал қалғанын осы 5 жылдың ішінде дұрыстаймыз. Яғни, қалыпқа келтіріп, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз.

Тұрғындар қаладағы абаттандыру жұмыстарының ауқымдылығына қатысты ризашылығын білдірді. Азаматтар Ғауез Торсанұлына алғыстарын айтып, болашақта облыс орталығының одан ары қарай гүлденетініне сенімдері мол екендігін жеткізді.

ИРИНА РАДЧЕНКО, қала тұрғыны:

– Хименко көшесіндегі жұмыс осымен тоқтап қалмайды. Аумақ тұрғындары үшін жағымды жаңалық, осы маңайда келесі жылы тағы бір ойын алаңы салынбақ.

 

Мәдина Қаби