Бүгін – Рухани келісім күні. Айтулы күн елімізде 1992 жылдан бастап аталып өтіледі. Осыған орай бүгін Оқушылар сарайында алқалы жиын өтті. Іс-шараға өңірдің діни және этномәдени бірлестіктерінің басшылары, азаматтық қоғам институтының өкілдері қатысты. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Елімізде тұрып жатқан әр этностың өз діни сенімі мен ұстанатын дәстүрлері бер. Осы орайда басқосуға қатысушылар азаматтарымыз бір-бірін сыйлап, тату болса еліміз әрі қарай дами түседі дейді. Яғни, ұлтаралық татулық пен діни келісім – қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудың ең маңызды факторы.
ХАМЗАТ ӘДІЛБЕКОВ, облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы:
– Ғасырлар бойы ислам тарихында мұсылмандар мен басқа дін өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келді. Біздің мақсатымыз – осы бір мейірімділікті әрі қарай жалғастыру.
Нұрасыл Ахмет