Президенттің “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Петропавлда “Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні” өтті. Іс-шараға қатысушы тұрғындар облыс әкіміне, қала басшысына, жергілікті атқарушы органдар мен сот және құқық қорғау жүйесінің қызметкерлеріне өз сұрақтарын қоя алды. Мәселен, өңір жетекшісіне 25 адам мәселемен жүгінді. Галина Солоницина – «Первенец» бау-бақша қауымдастығының төрайымы. Көктемгі су тасқыны кезінде мұндағы бағандар мұз соққысы салдарынан құлаған. Нәтижесінде 1 шақырымнан астам желі жерге түсіпті.
ГАЛИНА СОЛОНИЦИНА, «Первенец» бау-бақша қауымдастығының төрайымы:
– Электр желісінің жалпы ұзындығы 1250 метрді құрайды. Соның 450 метрін өзіміз қалыпқа келтірдік. Өкінішке қарай, бағандарды тұрғыза алмаймыз. Қазір қауымдастықтағы 5 үйде ғана электр қуаты бар. Ал жалпы үй саны 180-ді құрайды.
Бұл ретте айта кетерлік жайт, бау-бақша қауымдастығы қалалық әкімдіктің балансында емес. Азаматша алдымен осы мәселені шешу үшін әрекет жасаған екен.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Тогда мы можем решить, когда поставят на баланс, тогда мы профинансируем, когда будет на балансе.
АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ бас директоры:
– Они бесхозные. Эта будет длительная процедура.
Азаматтарды қабылдау шарасына облыс орталығының тұрғыны Анастасия Шелухина да келді. Су тасқыны салдарынан нәзікжандының үйі апатты деп танылған. Осыған байланысты отбасыға “Бірлік” ықшам ауданынан үй беріліпті.
АНАСТАСИЯ ШЕЛУХИНА, қала тұрғыны:
– Бұған дейін облыс әкімдігінде қабылдауда болдық. Кездесуде мәселе бақылауға алынатыны айтылды. 4 қазанда бізді қала әкімі қабылдады. Күте тұруды өтінді. “Бірлік” ықшам ауданынан көшкіміз келіп отыр. Үй таптық.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:
– Две семьи настаивают, чтобы мы приобрели им квартиры, но фонде денег нет. В новом микрорайоне за ними закреплены дома.
Ешқандай өзгеріс орын алмайды. Аймақ басшысы мәселенің бүге-шүгесін түсіндірді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Біз сізге басқа үй бере алмаймыз. Осыны түсінуді сұраймын. Бұл жерде қала әкімін қолдаймын. Баспанаңыз апатты деп танылды. Қалалық комиссияның шешімімен жаңа шағын ауданнан тұрғынжай бөлінеді. Бүгінде онда 700 адам тұрады. Біз Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаймыз.
Қабылдауға келген азаматтардың көпшілігі әлеуметтік және тұрғын үйге қатысты мәселелерді шешуді сұрады. Әрбір өтініш тыңдалды, басым бөлігі бақылауға алынды.
Байболат Құлтанов