Қоғам

Қазанның 18-і – Рухани келісім күні

Осыған орай С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада дөңгелек үстел жиыны өтті. Басқосуға дін өкілдері, жергілікті ассамблея мүшелері мен аманаттықтар қатысты. Іс-шараның басты мақсаты- берекесі мен бірлігі жарасқан қазақ еліндегі қоғамдық тұрақтылықты одан ары қарай сақтау. Шарада сөз сөйлеген әр спикер ой түйерлік дүниелер айтты. “Нұр” қалалық мешітінің имамы Бекдәулет Қарабеков ислам дінінің тарихы мен оның бүгінде алатын рөлі жайында сөз қозғады.

БЕКДӘУЛЕТ ҚАРАБЕКОВ, “Нұр” қалалық мешітінің имамы:

– Ислам діні – бейбітшілік діні. Аталған дін ешкімді ұлтына қарап бөлмейді. Қазаққа ислам діні 8-ші ғасырда келген.

Рухани келісім – баға жетпес байлық. Бірлігіміз әрқашан да берік болса, шаңырағымыз ешқашан шайқалмайды. Жалпы, елімізде өзге ұлт өкілдерінің туған тілі мен мәдениетін дәріптеулеріне бар жағдай жасалған. Жиында осы игілікті бағалау туралы айтылды.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, облыстық ҚХА мүшесі:

– Аталған тақырыпта жастармен жиі түсіндірме жұмыстарын жүргізген дұрыс. Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлт өкіліне бар жағдай жасалған.

Жиынға бір топ жас қатысты. Оларға аға буын өкілдері рухани келісімнің мән-мағынасын түсіндірді.

 

Нұрасыл Ахмет