Мәдениет

Қазақ театрында балаларға арналған қойылымның тұсауы кесілді

“Бағдаршам”. С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында осындай атаумен балаларға арналған қойылымның тұсауы кесілді. Авторы – Әлібек Файзоллаұлы. Қоюшы-режиссер – театрдың көркемдік жетекшісі Дәурен Тойбазаров. Спектакльдің басты кейіпкері – Назерке есімді ақылды қыз. Өзі тәртіпті болса да жанындағы достары жаны ашып айтқан адамның тілін ала қоймайды. Жол ережелерін сақтауға да құлықсыз. Сондай бір бұзақылық жасау барысында тәртіпсіз балалар тәртіп сақшыларының назарына ілігеді. Назерке шен таққан жандардан кешірім сұрап, достарын жіберуді өтінеді.
Өз қателіктерін түсінген балалар Назеркеден үлгі алып, жол ережесін бұзбауға сөз береді. Дәурен Тойбазаровтың айтуынша спекталкьдің тәрбиелік мәні зор.

ДӘУРЕН ТОЙБАЗАРОВ, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі:

– Қазіргі таңда көшелерде болып жатқан оқиғаларға байланысты, жаңағы жақсылық пен жамандықтың аражібін ажыратуға үйреткіміз келеді.

 

Мәдина Қаби