Құқық қорғау органдары

Интернет-алаяқтықтың алдын алу

Экстремизм, терроризм және интернет-алаяқтық. Бұлардың барлығы – қоғамды алаңдататын мәселелер. Әсіресе, ғаламторда алдау фактілері көп кездеседі. Адамдар аңғалдығынан миллиондаған ақшасынан айырылуда. Бүгін осы және өзге де жайттар Қозыбаев университетінде айтылды. Жиынға прокурорлар мен полицейлер келген. Шенділер білім ошағында жұмыс істейтін қызметкерлерге, студенттерге тиісті ережелерді айтты. Яғни, қауіп-қатерден қалай сақтану керектігін ұғындырды. Мамандардың сөзінше, телефонға күмәнді хаттар келсе немесе белгісіз нөмірден біреу хабарласса, жауап бермеген дұрыс. Түсініксіз сілтемелерге де кірмеген жөн. Себебі, қазір ойнап отырып от басуға болады.

МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:

– Алаяқтарға көбіне 1-ші курстың студенттері және егде жастағы адамдар тап болады. Себебі, олар сенгіш келеді және телефонның қыр-сырын дұрыс біле қоймайды. Егер күмәнді сайттарға кірсеңіз, қулар телефон нөмірін немесе есепшотты сұрайды. Сондай сәттерде сенім білдіріп, ақтарылмау қажет. Сонымен қатар, банк картасын жоғалтып алған жағдайда бірден полицейлерге жүгіну керек және картаны бұғаттаған дұрыс.

 

Мәдина Қаби