Қоғам

Әскери академияда тағы бір меморандумға қол қойылды

Ұлтаралық бірлікті нығайту және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Петропавлдағы Ұлттық ұланның әскери академиясында кезекті меморандумға қол қойылды. Білім басқармасы, Оқушылар сарайы, петропавлдық әскери гарнизон мен Ауған соғысы ардагерлері ұйымының өкілдері әскерге шақыру жасына толмаған
жастармен әскери-патриоттық бағытта жұмыс істеу жөнінде келісті. Сондай-ақ, құжат жас ұрпақтың келешекте өзінің азаматтық борышын орындауға жауапкершілікпен қарауына септесері анық дейді мамандар.

 

Данаш Хамза