Атом электр стансасы құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесуді жалғастыруда. Бүгін Болат Қожахметов “Основание” серіктестігінде болды. Ол мамандарға референдумның қорытындысы мен маңыздылығы жайлы айтты. Кәсіпорын қызметкерлері жалпыұлттық дауыс беруге жауапкершілікпен қараған. Олардың барлығы 6-шы қазан күні таңдау жасапты. Ұйым директоры Сергей Тимофеев қоғам талқысына шығарылған мәселені аса маңызды деп санайды. Себебі, қабылданған шешім құрылыс саласына әсер етпей қоймайды.
СЕРГЕЙ ТИМОФЕЕВ, “Основание” ЖШС директоры:
– Солтүстік Қазақстан облысында әзірге электр энергиясы тапшылығы байқалмайды. Жылуға қатысты да мәселе жоқ. Осы орайда құрылысшы ретінде айтарым бар. Бізге көкшетаулық компаниялар келіп жатыр. Оның себебін түсіндірейік. Көршілес орналасқан қалада жылудың жетіспеушілігіне байланысты жаңа нысандардың құрылысына шектеу қойылып жатыр. Мұндай бізде болмауы үшін қуат орталықтары қажет деп ойлаймын.
Байболат Құлтанов