Петропавлда Ресейдің Пятигорск қаласынан жеткізілген ішіктер жәрмеңкесінің өтіп жатқанына бір айға жуықтады. Бұл жәрмеңке тұрғындар арасында танымал. Ішіктер көріктілігімен де, сапасымен де қыз-келіншектердің көңілінен шыққаны анық. Өйткені, сауда басталғалы ондаған тон-ішік сатылған. Мұндағы тауар түрі сан алуан. Үлгісі де, түсі де түрлі талғамға сай таңдалыпты. Мұнда тон-ішіктің қысқасы, ұзыны, жағасызы мен жағалысы, қара, қоңыр, сұр, графит түстері де бар.
ЕЛЕНА НЕМЦУРОВА, консультант:
– Ішіктердің өлшемі 42-ден басталып 62-ге дейін жетеді. Кез келген жастағы жандардың талғамдарына қарай таңдап береміз. Жас қыздарға да, одан үлкен жастағы келіншектерге таңдап жүріп алатындай мүмкіндік жасалған. Сыртқы киімдер өте жеңіл, киюге ыңғайлы, тігісі де сапалы. Күзен терісімен араластырылып тігілген мутон, таза күзеннен, қаракөл, австралиялық мериностан жасалған түрлері бар.
Таңдап алған тауардың бағасын бөліп төлеуге де болады екен. Мынадай акция да бар: ескі, яғни киілген ішік әкелсеңіз, 100 мың теңгелік жеңілдік аласыз. Жәрмеңкеге асығыңыз, өйткені ішік іздеп келетін адам көп, жәрмеңке уақыты да шектеулі. Тон саудасы қазанның 31-інде тәмамдалады.
ЕЛЕНА НЕМЦУРОВА, консультант:
– Сатып алушыларға бар жағдай жасалған. Тауар құнын 3 айдан 2 жылға дейін бөліп төлеуге болады. Бағалары әртүрлі. Дені қалта көтерерлік.
Жәрмеңке қаладағы Уәлиханов көшесі, 15А мекенжайындағы нысанда қанат жайған. Тон-ішік іздеген қыз-келіншектер таңғы 10-нан кешкі 7-ге дейін келе алады.
Мәдина Қаби