Құқық қорғау органдары

Бала қауіпсіздігі – басты назарда

Бірінші оқу тоқсаны аяқталуға жақын. Қолы босаған бала үйде қалады немесе далада көп жүреді. Ата-ана жұмыста. Келеңсіз жайттар бала жалғыз немесе қараусыз қалған жағдайда болып жатады. Оның алдын алу мақсатында полицейлер
жасөспірімдердің әке-шешелерімен кездесті. Жиын Борки кентіндегі Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінде өтті.

– Я, естественно, тоже провожу лекции, особенно с первым курсом, которые в этом году у нас поступили, со всеми я провожу лекции лично довожу, чтобы каждый несовершеннолетний нёс за себя ответственность и в позднее время суток находился дома.

Жасөспірімнің жүріс-тұрысы, тәртібі, заңның ала жібін аттамауы – кездесуде қозғалған тақырыптардың бірі. Полицейлер ата-аналарға заңнамадағы өзгерістерді де тізіп шықты. Кез келген дене жарақаты ұрып-соғу кезінде денсаулыққа зиян келтірілмесе де енді бұл әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Сондай-ақ, мамандар қазір жиі кездесетін интернет-алаяқтықтың алдын алуға тоқталды.

– Вы в любом случае находитесь в авторитете у своих детей. Они, глядя на вас, многие будут с вас какой-то определённый пример, прислушиваются, так как понимают осознанно, что именно родители плохого им не посоветуют.

Жиында жол қауіпсіздігі мәселесі де қозғалды. Жыл басынан бері облыста кәмелетке толмағандардың қатысуымен 92 жол-көлік оқиғасы болған. Осындай 30 жағдайда олар жаяу жүргіншілер ретінде тіркелген. Тәртіп сақшылары жолдың тек рұқсат етілген жерінен ғана өтіп, көшеден өтерде телефон мен құлаққап пайдаланбау қажеттігін ескертеді.

 

Данаш Хамза