Жүргізілген талдау шеңберінде облыстың мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде орман заңнамасының бұзушылықтарын анықтады. Мысалы, аймақтағы өрт сөндіру станцияларының материалдық-техникалық жарақтандырылуы жеткіліксіз, оның ішінде өрт сөндірушілерді орналастыруға арналған үй-жайлар, жылы гараждар, мамандар, сондай-ақ өрт сөндіру техникасына арналған қажетті жарақтандырулар мен жабдықтар жоқ. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыстық бюджеттен арнайы өрт техникасы мен жабдықтарын сатып алуға 296,6 млн теңге және 7 орман шаруашылығына өрттерді ерте анықтауға құрылғыларды сатып алуға 45 млн теңге бөлінді, 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде үш аудан әкімі бар.
Байболат Құлтанов