Облыстық мәслихат депутаты Шынар Біләлова – тіл жанашырларының бірі. Шынар Сағындыққызы сессия отырыстарының көбірек мемлекеттік тілде өткенін қалайды. Халық қалаулысы депутаттыққа “Ақ жол” демократиялық партиясы атынан сайланған, Қызылжар ауданының қоғамдық кеңесіне де төрағалық етеді. Айтуынша, Қызылжар ауданында жиі көтерілетін мәселе – есепте тұрған науқастарға берілетін тегін дәрілердің кешіктірілуі. “Азаматтық қабылдауға келетін адамдардың көбі көмек сұрап келеді. Көмекке мұқтаж жандар – көпбалалы аналар, мүгедектер, жетім балалар”,- дейді Шынар Біләлова. Депутат “Мандат бағдарламасында халықтың бұйымтайы, қызметке адалдық пен мемлекеттік тілдің бүгіні жайында баяндады.