АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб мүшелері бүгін
петропавлдық трактор зауытында болды. Жұмысшылармен жүздескен азаматтар мамандарға референдумға қатысып, өзінің қалауын білдіргендері үшін алғысын айтты. Сонымен қатар, еңбекші қауымға АЭС-тың маңыздылығы жайында ақпар берді. Зауытта барлығы – 40 жұмысшы еңбек етеді. Референдум күні соның 20 пайызы дауыс берген.
ВЛАДИМИР КОЗЛОВ, АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб мүшесі:
– Референдумға солтүстікқазақстандықтардың 60 пайызы қатысты. Көбі АЭС-тің салынуын қолдаған.
Мәдина Қаби