Облыс прокурорлары ауыл шаруашылығы техникасын басқаруға заңсыз куәліктер беру фактілерін анықтады. Мәселен, Ғ. Мүсірепов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған «Б» есімді азаматқа тракторшы-машинист құжатын заңға қайшы жолмен алып берген. Осыған ұқсас бұзушылықтар Айыртау, Есіл, Қызылжар, Мамлют, Шал ақын, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының және Петропавл қаласының ауыл шаруашылығы бөлімдерінде анықталды. Нәтижесінде лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, берілген 2 тракторист-машинисттің куәлігі уәкілетті орган тарапынан жойылды. Қалған 12 куәлікті жарамсыз деп тану бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Байболат Құлтанов