ТЖ

Шал ақын ауданында құтқарушылардың оқу-жаттығуы өтті

Бұл – Шал ақын ауданындағы Мерген ауылы. Ауыл сыртында өрт шықты. От екі жерден тұтанған: бірі – үйшік, екіншісі – алқап. Мамандар осындай жағдайда өрт сөндіру машығын пысықтап жатыр. Қызыл жалынға су бүркілді.

КИРИЛЛ ИВАННИКОВ, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

– Оқу-жаттығу шарасы екі күн бойы өтеді. Жаңа өртті екі жағдайда сөндірдік. Бұдан бөлек бес орында болдық. Ол жерлерде әуелі адамдар мен жануарларды құтқардық. Енді жоспар бойынша осындай ауқымды оқу-жаттығу шарасын 3 жылдан кейін өткіземіз.

Шал ақын ауданында жалғыз өрт сөндіру бөлімі бар. Барлығы – 20-дан астам өрт сөндіруші жұмыс істейді.

БЕКТҰРҒАН ОМАРОВ, Шал ақын ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:

– Өрт сөндіру бөлімінде нақты 23 адам қызмет етеді. 3 өрт сөндіру көлігі, бір қосалқы және бір вахталық көлік бар. Өрт оқиғаларына тоқталсақ, ауданда жыл басынан бері 12 өрт тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда өрт саны 18 фактіге азайды.

Өңірде жылыту маусымы бастау алды. Осы орайда мамандар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

 

Мәдина Қаби