Облыстық халықтық штаб мүшесі Иманғали Татваев Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектебінің ұстаздарымен кездесті. 6-шы қазан күні мектеп қабырғасында қос референдум учаскесі болған. Дауыс бергендердің көбі АЭС-тің салынуын қолдаған.
ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, халықтық штаб мүшесі:
– Жұмысымыз оң нәтиже берді. Бүгінгі біздің міндет – халыққа, қала тұрғындарына дауыс беруге белсенді қатысқандары үшін алғыс айту. Олар Қазақстанның азаматы ретінде өз парыздарын орындады.
НАДЕЖДА ЗОЛОТИЛИНА, Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектебі директорының орынбасары:
– Мен 631-ші референдум учаскесінің комиссиясына төрағалық еттім. Учаскеге тіркелгендердің жартысынан көбі өз үндерін қосты. 58%-ы АЭС-тің салынуын қолдады.
Мәдина Қаби