Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы бекітілген. Оның алғашқы кезеңі 2020 және 2025 жылдар аралығын қамтиды. Яғни, қазір қорытынды шығаруға беруге болады. Осыған байланысты Петропавлға елордалық мамандар келді. Достық үйінде өткен басқосуда алдымен тындырылған істер баян етілді.
РИЗЗАТ ТАСЫМ, Қазақстандық қоғамдық даму институты қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы, Астана қаласы:
– Азаматтық қоғамды дамыту бойынша заңнамалық база құрылды. Үкіметтік емес сектордың мүмкіндіктері кеңейтілді.
Тұжырымдаманың алғашқы кезеңі кем-кетікті көрсетті. Соларға 2025 және 2030 жыл аралығында ерекше мән беру қажет. Елордалық орталық өкілдері өткір тұстармен аса таныс. Өздерінің жоспалары да бар. Сол бойынша іске кіріспек.
РИЗЗАТ ТАСЫМ, Қазақстандық қоғамдық даму институты қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы, Астана қаласы:
– Біз үкіметтік емес ұйымдарға ғана шектеліп қалдық. Тұжырымданы кеңейту көзделіп отыр. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруға қатысты мәселе шешілмей отыр.
Риззат Тасым бастаған жандар Петропавлға атқарған істі немесе жоспарды айту үшін ғана келген жоқ. Олар жергілікті белсенділердің ұсынысын тыңдамаған. Айтылған салмақты ойлар қағаз бетіне түседі. Сонымен қатар, елордалықтардың мақсаты – аймақтардағы әріптестерінің біліктілігін арттыру.
Байболат Құлтанов