Ағаш отырғызу рәсімінен кейін мереке иелері кәсіподақтар үйінде бас қосты. Жиылған қауымды атаулы күнмен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов аталған ұйымдардың қоғамға сіңірген еңбегіне тоқталды.
ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, облыс әкімінің орынбасары:
– Кәсіподақ ұйымдарының жергілікті кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтарын қорғауда атқарған еңбегі орасан. Кәсіподақтар орталығының бастамасымен 2024-2026 жылдарға арналған үшжақты келісім шартқа келесі шаралар енгізілген. Яғни, қызметкерлердің жалақысын көтеру кезінде олардың санын қысқартпай және міндетті түрде жалақыларын индексациялау. Еңбек қауіпсіздігі бойынша техникалық инспекторлар мен өндірістік кеңестердің жұмысын жетілдіру және техникалық инспекторларға түрлі қолдау шараларын көрсету. Кәсіподақтар орталығы өкілдерінің белсенді қатысуының арқасында өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған жол карталары жол карталары енгізілді.
Бүгінде кәсіподақтар орталығы әлеуметтік әріптестіктің белсенді қатысушысы болып табылады. Ал бұл – мемлекеттік-азаматтық қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді конструктивті диалог арқылы шешудегі маңызды құрал. “Әлеуметтік серіктестердің бірлескен жұмысы әлеуметтік әріптестік негізінде құрылуы тиіс”, деді жиынға қатысушылар. Оның негізгі құндылықтары: адам құқығын сыйлау, еңбек адамына жұмыста жақсы жағдай жасау. Бүгін осы бағытта адал жұмыс атқарып келе жатқан азаматтар марапатталды. Солардың бірі – “Бал арман” балабақшасының басшысы Балдырған Ілиясов. Балдырған Қамбарұлы бүгін республикалық кәсіподақ ұйымы төрағасының Алғыс хатымен және әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгісімен марапатталды.
БАЛДЫРҒАН ІЛИЯСОВ, кәсіпкер, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мүшесі:
– Білім саласында жұмыс істегелі бері кәсіподақ ұйымына мүшелік етемін. Жекеменшік балабақшаға жетекшілк етемін. Олардың көбі кәсіподаққа кірмейді. Қарамағымда 96 жұмысшы бар. Бәрі – кәсіподақ мүшелері.
Балдырған Қамбарұлы жұмысберуші жұмысшы алдында бүкіл міндеттемені жіті орындауы керек дейді. Бұл еңбектің өнімділігіне ықпал етеді.
БАЛДЫРҒАН ІЛИЯСОВ, кәсіпкер, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мүшесі:
– Неге мен кәсіподақтамын. Себебі, кәсіподаққа мүшелік ету арқылы көптеген өзгерісті білесің, заңды білесің. Әрбір жұмысшының еңбегін қорғау керек қой. Олардың жалақысы дер кезінде төленуі керек. сондықтан, менің жұмысымда басшы ретінде олармен келісім шартқа отырамыз да, сол келісім шартта олардың еңбек ақысы қандай болады, әлеуметтік жағынан қандай қорғау болады – соның бәрі құжат жүзінде бекітіледі. Әр жұмысшымен келісім шартқа отырамын. Сол шартты міндетті түрде орындауым керек. Осы тұрғыда кәсіподақ ұйымымен тығым қарым-қатынастамыз.
Балдырған Ілиясов бүгінгі марапат – атқарылған жұмыстың заң кетпегінін білдіреді дейді.
БАЛДЫРҒАН ІЛИЯСОВ, кәсіпкер, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мүшесі:
– Кәсіподақпен арада жасалған келісім шарт бар. Ұжымдық келісім шартта барлығы қарастырылған. Мысалы, жұмысшыларға еңбекақыларының бөлек демалысқа шығуы қарастырылған. Біз жекеменшік болсақ та Бурабайға барып сауығып келіп жатыр.
Қайырлы Мұқышев Ғ.Мүсірепов аудандық кәсіподақ ұйымына төрағалық етеді. Ұйымға 2 мыңға жуық адам мүшелік етеді екен.
ҚАЙЫРЛЫ МҰҚЫШЕВ, “Ғ.Мүсірепов аудандық кәсіподақ орталығы» кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:
– Мұғалімдердің жүктемесін қарастырамыз. Оларға сауықтыру шараларын ұйымдастырамыз.
Жиын барысында Президент Жолдауда жүктеген міндеттер жайлы айттылды. 2025 жыл – “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жарияланды. Бүгінде облыстағы 24 оқу орнында жұмысшы мамандықтары бойынша 4 мыңнан астам студент білім алып жатыр.
Мәдина Қаби