Қоғам

Этномедиация туралы семинар-тренинг

Этномедиация этносаралық қақтығыстардың алдын алу, реттеу және кейінгі бақылау тәсілі ретінде. Осындай атаумен бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында семинар-тренинг өтті. Шара өңірде 3-ші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Елордадан арнайы мамандар шақыртылған. 50-ге жуық тыңдаушы жиналды. Олардың дені: этмәдени бірлестік өкілдері мен ауылдық округ әкімдері.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, ҚХА мүшесі:

– Өздеріңіз байқағандай, әлеуметтік желілерде көріп тұрасыздар өзге ұлт өкілдері бірін-бірі түсінбей, дауласып жатады. Осындай мәселерге жол бермес үшін біз білікті спикерлерді шақырып отырмыз.

Семинар-тренингке қатысушылардың бірі – Эльмира Танакулова. Нәзікжанды – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Айтуынша, этномедиацияға жүгінетін жағдайға әлі кез болмаған. Дегенмен, мұндай тәжірибе алмасу семинарларының пайдасы зор дейді.

ЭЛЬМИРА ТАНАКУЛОВА, ҚХА мүшесі:

– Этноаралық түсінісбеушілік туындаған кезде мәселе ушығып кетпес үшін сол мәселені реттеуші маманның біліктілігінің жоғары болғаны маңызды. Медиация – екі тарапты татуластыруда, ұлтаралық түйткілдің алдын алуда таптырмас құрал болып табылады. Осы ретте кәсіби мамандардың аталған мәселені шешуде психологиялық тұрғыда ықпал ету туралы ойларын білгім келеді.

Семинар-тренинг үш күн бойы өтеді. Соңында қатысушыларға сертификат беріледі.

 

Мәдина Қаби