Құқық қорғау органдары

СҚО-да жыл басынан бері еш жерде тіркелмеген 80-нен астам қару тәркіленген

Полиция қызметкерлері жыл басынан бері өткізген рейд барысында 84 қару тәркілеген. Оның бәрі еш жерде тіркелмеген болып шықты.
Бұл – мамандардың өздері қарап жүріп тапқан дүниелер. Тұрғындардың қаруды өздері әкеліп тапсыратын жайттар да аз емес.
Биыл солтүстікқазастандықтар заңсыз сақталған 22 атыс қаруы мен бір мылтық өткізген.

ҚҰРМАН МУСИН, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

– Әр адам қару тәрізді зат табылған жағдайда қалай әрекет ету керектігін жақсы білуі керек. Оны заңсыз сақтау қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Жауапкершіліктен қаруды тек ерікті түрде тапсыру ғана босата алады. Тіркелмеген қаруды сатып алу, сақтау, тасымалдау қылмыс болып саналады.

Осыған орай тәртіп сақшылары жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж студенттермен кездесуі өткізді. Олар студенттерге азаматтық қару айналымы саласындағы заңнамалық нормалар туралы айтып берді.

 

Мәдина Қаби