Қоғам

СҚО-да құрылысы ұзаққа созылған хоккей корты пайдалануға берілді

Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылында құрылысы 3 жарым жылға созылған жабық хоккей корты пайдалануға берілді. Құны 111,4 млн теңгені құрайтын спорт нысаны 2022 жылдың қаңтар айында тапсырылуы тиіс болған. Алайда, мердігер – «Аквабилд» серіктестігінің жосықсыздық танытуына байланысты нысан уақытында тапсырылған. Белгіленген мерзімде оның іргетасы ғана дайын болыпты. Өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің араласуының нәтижесінде тапсырыс беруші «Аквабилдпен» келісім шартты бұзған. Нәтижесінде жаңа мердігер белгіленген. Барлық жұмыс кестеге сай орындалып, хоккей корты пайдалануға берілді.

 

Данаш Хамза