Атом электр стансасының құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб мүшелері еңбек ұжымдарымен кездесуді жалғастыруда. Бүгін Иманғали Татваев пен Лаура Қайыржанова облыстық стоматологиялық емхана қызметкерлерімен кездесті.
ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб мүшесі:
– Референдум қорытындысы бойынша көбі атом электр стансасының құрылысын қолдап дауыс берді. Бұл – қоғам мұндай заманауи қуат көзінің қажеттілігін жіті түсінеді дегенді білдіреді. Ақпараттық-түсіндіру шаралары аясында ұжымдармен кездесу барысында тұрғындар тарапынан АЭС жайлы көп сұрақ келіп түсті. Біз барлығына дәлел-мысалмен жауап беруге тырыстық.
Атом электр стансасының құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб мүшелері мұндай кездесулерді жалғастырмақ.
Байболат Құлтанов