Мәдениет

Қазақ театрында “Қол” қойылымы сахналанды

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында “Қол” қойылымы көрермен назарына осымен 3-ші рет ұсынылып отыр. Қоюшы-режиссері – Шымкент қаласынан келген Бекболат Құрманғожаев. Спектакль қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – парақорлық жайында. 50 минуттық шағын қойылым болса да терең ой салатын дүние.

НАЗЕРКЕ ҰЗАҚБЕК, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актрисасы:

– Біз заманауи драматург Сая Қасымбектің спектаклін ойнаймыз. Қойылым “Ойжұмбаққа” ұқсайды, бірақ мұнда адамның басындағы ойлар жайында. Келген көрермендердің барлығы әр сөзді түсініп отырды.

 

Мәдина Қаби