Қоғам

Аз көлемдегі айыппұл мен қарызды өндіріп алу оңайлатылды

Қазақстанда тамыз айынан тиісті оңайлатылған із жүргізу іске қосылды. Бұл шағын айыппұл, салық пен белгілі бір төлем бойынша қарызды өндіріп алу процесін жеңілдетіп отыр. 20 АЕК-ға дейінгі айыппұлдар азаматтардан енді автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы өндіріп алынады. Бұл ретте «Цифрлық сот орындаушысы» жобасының бірқатар артықшылығы бар дейді мамандар.

РАЙХАН НҰРЖАУПОВА, СҚО әділет департаментінің бөлім басшысы:

– Жеке сот орындаушысының қызметін төлеу мен оларға бару шығындарынан босатылады, себебі барлық іс-қимылдар автоматты түрде жүзеге асырылады. Азаматтардың ыңғайлылығы үшін онлайн түрде борышты төлеу мүмкіндігі қарастырылған, бұл кезде барлық шектеу шаралары (тыйым салулар) автоматты түрде алынып тасталады. Осылайша адам факторы толығымен жойылады. Оңайлатылған іс жүргізу 30 күнтізбелік күнде аяқталуы тиіс.

Әділет министрлігі тиісті пилоттық жоба бойынша түзетулер әзірлеген. Оның аясында кәсіби қызметпен айналысуға ниетті тұлғалар аттестациялаудан өтеді. “Аттестация реинжинирингі” біздің өңірде де қолға алынған.

ЕЛЕНА АХМЕТОВА, СҚО әділет департаменті бөлімінің бас маманы:

– «Аттестация реинжинирингі» – бұл адвокаттық, нотариалдық, сот сараптамалық, жеке сот орындаушылық және патенттік сенімді өкіл қызметіне рұқсат алу. Аталған жоба аясында ауызша комиссиялық сұхбаттасу кезеңі алынып тасталып, оның орнына жағдайлық кейстер енгізілді, осылайша аттестациялау процедурасының қолжетімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қысқартылды.

Брифинг барысында осы және өзге де өзгерістер талқыланды.
Бұл жөнінде толығырық ақпар білу үшін тікелей облыстық әділет департаментінің мамандарына экранда көрсетілген телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады.

33-26-35; 33-12-82

 

Мәдина Қаби