Мәдениет

Сағындырған әндер

Сағындырған әндер-ай. Бүгін осындай атаумен Ассамблея жастары аға буын өкілдеріне концерттік шара ұйымдастырды. Жалынды жастар сонау 70-80-ші жылдары орындалған әндерді шырқады. Ал қариялар жалындаған жастық кезін еске алысты. Кешке Шәмшінің әнін шаттана шырқаған, Шатуновқа шайқала билеген, Майкл Джексонға мың бұралған бірсыпыра аға буын өкілі жиналды. Бұл жердегі атмосфераны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бір-бірімен көптен бері көріспеген жандар жүздесіп, шүйіркелесіп, сағыныштарын басты. Кеш концерттік шарамен шектелмейді, кейін караоке ұйымдастырылады.

– Бүгін біз концертке жұбайымыз екеуіміз келдік. Халық көп жиналып жатыр. Осындай концерттер көп бола берсін.
– Өзім ән айтқанды жақсы көремін. Бүгінгі шараға күміс волонтерлермен бірге келдім. Көңіліміз өте көтеріңкі. Мұнда Шәмші Қалдаяқовтың әндері айтылады деп ойлаймыз. Сондай ескі әндерді тыңдауға барлығымыз келіп отырмыз.

 

Мәдина Қаби