АЭС салу бойынша референдум өткенімен халықтық штаб мүшелерінің жұмысы әлі аяқталған жоқ. Олар күн сайын түрлі ұйым өкілдерімен кездесіп, маңызды нысан жайлы ақпар бере бермек. Бүгін білікті мамандар фтизиопульмоногиялық орталық қызметкерлерімен кездесті.
ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, өңірлік халықтық штаб мүшесі:
– Қазанның 6-сы күні өткен саяси шараға жерлестеріміз белсенді қатысты. Өздеріңіз білетіндей, қазақстандықтардың 70 пайызы АЭС салынуын қолдады. Мен халық дұрыс шешіп қабылдады деп ойлаймын.
Нұрасыл Ахмет