Петропавлдық Алла Писаренко – референдум қарсаңында талмай еңбек еткен жанның бірі. Ол атом электр стансасы құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб құрамында болмады. Азаматша Ассамблея жанындағы ерікті топқа мүшелік етті. Жер-жерді аралады, тұрғындарға оқығанын, естігенін, зерттегенін баян етті. Жерлесіміздің жадында 90-шы жылдар жақсы сақталып қалыпты. Жарық жоқ, тиісінше өмір сүру де қиын. Алла Писаренко ұрпақ мұндай қиындық көрмегенін қалайды.
АЛЛА ПИСАРЕНКО, қоғам белсендісі:
– Еліміз үшін аса маңызды шара өтті. Оның қорытындысы жақсылыққа, жарқын өмірге жеткізеріне сенімдімін. Біз заманауи станса арқылы болашаққа нық қадам жасаймыз. 90-шы жылдардың басында қаланың орталығында тұрдық. Көрші үйде жарық сөніп, біздің үйде қосылғанда балаша қуанатын едік. Балаларымыз қиындықсыз өмір сүрсін!
Байболат Құлтанов