Қазан қыңыр мінезін көрсетпек. Осы айда ауа райы ерекше құбылмалылық танытады дейді мамандар. Қазгидромет өкілдерінің хабарлауынша, алғашқы онкүндікте сынап бағанасы күндіз -3-тің маңайында болады. Онкүндіктің соңында +15-20 градусқа дейін көтеріледі.
ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» РММ СҚОФ бөлім басшысы:
– Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 0-5 градус жылыға дейін, күндіз 1-6 градус жылыға дейін төмендейді.
Үшінші онкүндікте де сынап бағанасы минус пен плюстің ортасында жиі ауысып отырады. Айдың 20-сынан кейін ауа температурасы күндіз -2-ге дейін түссе, соңында +15-18-ге көтеріледі.
ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» РММ СҚОФ бөлім басшысы:
– Жауын-шашынның мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан көп, кей жерлерде норма шамасында болады деп күтілуде. Сонымен қатар, айдың соңында көктайғақ күтіледі.
Тарихқа үңілер болсақ, өңірде қазан айындағы ең жылы күн 2018 жылы тіркеліпті. 5-ші жұлдызында ауа температурасы +26 градусты көрсеткен екен. Ал ең суық күн осыдан 80 жыл бұрын болған. Ол кезде 31-ші қазанда сынап бағанасы -25 градусқа дейін түскен.
Мәдина Қаби