Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаров нысандарды аралады

Өңірге жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қаладағы «БЕТЕГЕ – У» элеваторының жұмысымен танысты. Аталған астық сақтау қоймасының сыйымдылығы 80 мың тоннаны құрайды.

АЙДАРБЕК САПАРОВ – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

– Вы получается объем закрыли 80 тысяч? Поэтому на площадке лежит?
– Да, поэтому на площадке лежит.

Кәсіпорын аумағына күніне дәнді, бұршақ тұқымдас және майлы дақылдың 2 мың тоннадан астамы түсіріледі. Аталған өнім түрлері облыстың барлық аудандарынан жеткізіледі.

ҚОРЛАН ЕРЖАНОВА, «БЕТЕГЕ – У» ЖШС директоры:

– Жалпы, сыйымдылығы 18 600 тонна болатын 7 қойма бар. Көріп тұрғандарыңыздай, бізде астық сыртта да жатыр. 33 мың тонна қалдық шығарылды. Біз бұны келесі жылы себеміз.

Бұдан кейін Ауыл шаруашылығы министрі Қызылжар ауданына барды. Айдарбек Сапаров «Митронин» серіктестігінің жұмысымен танысты. Агроқұрылым дәнді, майлы және бұршақты дақыл өсірумен айналысады. Егіс алқабының аумағы 3 мың гектарды құрайды.

АЙДАРБЕК САПАРОВ – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

– Сколько гектаров всего земли?
– У нас 3 тысячи.
– По кругу 40 центнеров по зерновым? Здесь 20 получается?
– Да, 20. Рапс 26 центнеров с гектара.

Серіктестік әр гектардан орташа алғанда 31 центнерден жинаған. Бүгінде орақ науқанын аяқтаған.

КИРИЛЛ МИТРОНИН, «МИТРОНИН» ЖШС құрылтайшысы, Қызылжар ауданы:

– Орақ науқанын тамыздың 20-сына таман бастадық. Бірінші болып бұршақ дақылдарын ордық. Жасымық әр гектардан 24 центнерден өнім берді. Рапсты да гектарына 20 центнерден жинадық.

Айта кетейік, бүгінде еліміз бойынша 23 млн тоннадан астам астық бастырылды.

 

“Қызылжар” телеарнасы