Қоғам

Референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелері жарияланды

Күндізгі 11:00-де Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Саяси маңызды шараға 12 млн 284 мың 487 адам қатысу құқығын иеленген. Соның ішіндегі 7 млн 820 мың 204 тұрғын таңдау жасаған.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, Орталық референдум комиссиясының төрағасы:

– Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 млн 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады. Ал қарсылық танытқандардың саны 2 млн 45 мың 271 адамды құрады.

Түрлі себептерге байланысты кейбір бюллетеньдер есепке алынбаған. Сонымен, кеше дауыс берушілердің 63,66% “қолдаймын” бөлігін көрсеткен. Көрсеткіш 50-ден асқандықтан, референдум өткен болып саналады.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, Орталық референдум комиссиясының төрағасы:

– Қорытынды Орталық референдум комиссиясының отырысында белгіленеді. Оның уақытын қосымша хабарлайтын боламыз.

Өңірдегі референдум учаскелерінде 376 мың теріскейлік дауыс беру құқығын иеленді. Алдын ала есеп бойынша соның 249 мыңға жуығы таңдау жасаған. 178 мың адам станса құрылысын қолдаса, 61 мың адам қарсылық танытқан. Қоса кетейік, референдум күні өңірде 591 учаске жұмыс істеді.

 

Байболат Құлтанов