Петропавлдағы референдум өтетін 97 учаскедегі қоғамдық қауіпсіздікті 300-ге жуық полиция қызметкері қамтамасыз етеді. Осы ретте тәртіп сақшыларына тиісті нұсқаулықтар берілді. Қазанның 9-ына дейін мамандар күшейтілген режимде қызмет атқарады. Полиция күштерін жинаған ведомство бастығы Айдын Қабдұлдинов тәртіп сақшыларының алдына қойылған міндеттерді жеткізді, қызметкерлердің тиісті құжаттарының дұрыстығы мен бейнетіркегіштерін тексерді. Сондай-ақ, республикалық ауқымдағы іс-шараны лайықты деңгейде өткізудегі жеке құрамның мемлекет пен халық алдында жоғары жауапкершілік таныту міндетін еске салды.
Данаш Хамза