6 қазанда өтетін республикалық референдумда тұрғылықты тіркеуі жоқ Қазақстан азаматтары сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша тіркеле алады. Еліміз бойынша бұл күні 10 мыңнан астам референдум учаскесі жұмыс істейді. 196 дауыс беру учаскесіне халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жұмылдырылады. Аталған қызметкерлер референдум учаскесінде сағат 7:00-ден бастап 20:00-ге дейін азаматтарды бір күнге мекенжай бойынша уақытша тіркейтін болады. Егер тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азамат дауыс беру үшін мектеп, колледж немесе ауруханаға жүгінсе, оны сол мекемеде тіркейді. Ескеретін маңызды жайт, 7 қазан күні азамат автоматты түрде тіркелген жерінен шығарылады, сәйкесінше дауыс беруші өз тұрғылықты мекенжайы бойынша қайта тіркелуі керек.
Данаш Хамза