Пышақпен қорқытқан, бопсалаған, несие алдырқан. Петропавл қаласында тұратын үш жігіт осы әрекеті үшін жазаға тартылды. Екеуі 20 жасқа да толмаған.
Үшеуі қосылып көктемде қала тұрғынын пышақпен қорқытып, қашықтан 120 мың теңгеден астам сомаға бірнеше шағын несие рәсімдеткен. Онымен қоймай 140 мың теңге тұратын телефонын тартып алған.
АСҚАР МҰХАМЕТҚАЛИЕВ – СҚО ПД бастығының орынбасары:
– Бұл қылмыстарды ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел түрде анықтады. Көктемде қызметкерлер жастардың қылмыстық әрекеттерін тоқтатты. Мұқият тергеуден кейін материалдар сотқа жіберілді.
Қазіргі уақытта қылмыскерлердің екеуі 3-4 жыл көлемінде бас бостандықтарынан айырылды. Екеуі де бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оларды көлікпен тасымалдап жүрген серіктестерінің 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектеліп, 100 сағаттық мәжбүрлі жұмыс түрінде жаза тағайындалды.
Данаш Хамза